WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 17 қазан (Астана уақытымен 18 қазан) күні канадалық Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекке дайындығын бастап кетті.
Бұл қазақстандық боксшы үшін 2015 жылғы үшінші жекпе-жегі. Геннадий Головкин осыған дейін ақпан айыда Монте-Карлода британиялық боксшы Мартин Мюррейді, ал, мамыр айында америкалық кіші Вилли Монроны мерзімінен бұрын ұтқан.
Айта кетейік, кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.