Шоқан Матайбеков: Дүниежүзінде 2 миллиард 300 миллион адам үйсіз немесе жарамсыз үйде тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шоқан Матайбеков: Дүниежүзінде 2 миллиард 300 миллион адам үйсіз немесе жарамсыз үйде тұрады

26.08.2015
Шоқан Матайбеков:   Дүниежүзінде 2 миллиард 300 миллион адам үйсіз  немесе жарамсыз үйде тұрады

Қазақстандағы белгілі сәулетшілердің бірі Шоқан Матайбеков қазіргі уақытта «Қолжетімді үйлер» жобасымен айналысуда.

«Дүниежүзінде үйсіз жүрген адамдар өте көп. 2 миллиард 300 миллион адам үйсіз немесе жарамсыз үйлерде тұрады. Бұл жобаның тиімді тұсы - пәтердің бір шаршы метрі қазіргі нарықтағы құрылыс бағасынан 16 пайызға арзан және сапасы жоғары.

Ағаш терезе орнына пластикалық терезе пайдалану, ағаш еденнің орнына түрлі жабынды қою – тұрғын үй бағасының қымбат болуының негізгі себептері. Өйткені, металл мен бетонның бағасы ешқашан арзандаған емес. «Қолжетімді үйлер» жобасы бойынша салынған үйлердің арзан болуы тек жобалау схемасына байланысты», дейді сәулетші.

Жыл сайын Сингапурде Дүниежүзілік сәулетшілер фестивалі өтеді. Шараның іріктеу кезеңі алдын ала Лондонда ұйымдастырылады. Шоқан Матайбековтың фестивальге ұсынған үш жобасы іріктеуден өткен. Соның бірі - «Қолжетімді үйлер» жобасы.

Дүниежүзілік критерий бойынша негізгі қағида - қала адам үшін салынуы қажет. Адам кез келген орынға жаяу кедергісіз жете алатындай жағдай жасалуы керек. Сәулетшінің айтуынша, ол үшін үшін жерасты, жерүсті көпірлерінің, саябақтар мен желекжолдардың маңызы зор.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу