Алматы облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» аясында 5,5 млрд. теңгенің 65 жобасы мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» аясында 5,5 млрд. теңгенің 65 жобасы мақұлданды

25.08.2015
Алматы облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» аясында 5,5 млрд. теңгенің 65 жобасы мақұлданды

Талдықорғанда Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевтің басшылығымен "Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Аймақтық үйлестіру кеңесінің жәжілісі ұйымдастырылып, 23 кәсіпкердің жалпы сомасы  жарты миллиард теңгені құрайтын  өтініші  қаралды.

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындардың ішінде «Dolce», «Centre Nova Diagnostic», «Dostyk Cargo Service», «Дорснаб» көпсалалы компаниясы, «КазМалы», «Водолей» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және 17 жеке кәсіпкер несие қаражатына негізгі құрал - жабдықтар мен ғимарат сатып алуды жоспарлауда.

Барлық жобаларға несие бойынша 7-ден 10 пайызға дейін субсидия бөлінбек, сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының  кепілдігі  беріледі.

Солардың бірі Ұйғыр ауданындағы «КазМалы» ЖШС Герефорд және Ангус тұқымды мал басын ұлғайтпақ. Ал, Алакөл ауданындағы «Dostyk Cargo Service» мекемесі жақында  көліктік-логистикалық терминал салуды жоспарлап отыр.

Кәсіпкер Ким Константин Ескелді ауданында жүк тасымалдау саласын дамыту бағытында жеке кәсібін жолға қоймақ, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі..

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу