А.Дауылбаев ТМД мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің атқарушы хатшысымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Дауылбаев ТМД мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің атқарушы хатшысымен кездесті

25.08.2015
 А.Дауылбаев ТМД мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің атқарушы хатшысымен кездесті

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің (ТМД БПҮК) 25-ші жиналысы аясында осы ұйымның атқарушы хатшысы Леонид  Ермолаевпен кездесті.

Кездесу барысында жоспарланып отырған жиналыстың күн тәртібі талқыланды, бұл жиын мерейтойлық болып табылады және ТМД мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің құрылғанына 20 жыл толуына арналады, деп хабарлайды Бас прокуратураның бапсасөз қызметі.

Тараптар форум барысында талқылауға ұсынылатын мәселелердің маңыздылығына назар аударды. 

Пікір алмасу барысында ТМД мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің 2014-2018 жылдарға арналған Жұмыс жоспарының орындалу мәселелері сөз болды.

ТМД БПҮК 1995 жылғы 7 желтоқсанда құрылған. 2000 жылғы 25 қаңтардағы ТМД қатысушы-мемлекеттерінің мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен оған ТМД мемлекетаралық органы мәртебесі берілген. Осы құжатқа Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы,Беларусь Республикасы, Грузия, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Украина қол қойған.

Хабарламаларға жазылу