Өз Отандарындағы тұрақсыздық пен қақтығыстардан қашып келген босқындар Еуропада қалуға құқылары бар.
Еуропалық комиссияның көші-көн мәселелері жөніндегі комиссары Еуропаға адамдарды заңсыз жіберіп отырған котранбандашыларға қарсы күресті бастайтынын айтты.
Димитрис Аврамопулос Еуроодаққа тек экономикалық мақсаттармен ғана келіп жатқан мигранттар елдеріне қайтарылатынын мәлімдеді.
Бұл ретте ол өз елінен, әскери әрекеттер мен соғыстың салдарынан көшіп кетуге мәжбүр болған босқындардың Еуропада қалуға құқылары бар екендігін айтты.
Ол көші-қонмен байланысты мәселелердің Еуропаға әлі көптеген жылдар бойы әсер ететіндігін мойындады.
Бүгінде Еуроодақ маңына жиналып қалған босқындардың саны рекордтық 107,5 мың адамға жетті. Бұл босқындардың есебі жүргізіле бастаған 2008 жылдан бері ең үлкен көрсеткіш болып отыр, деп жазады korrespondent.net