Шымкентте депутаттар зағип балаларға сыйлық жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте депутаттар зағип балаларға сыйлық жасады

24.08.2015
Шымкентте депутаттар зағип балаларға сыйлық жасады

Депутаттардың сөздерінше, мұқтаж балалар үшін әкелінген заттардың 10 жылдық кепілдігі бар.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, заттар шетелден арнайы тапсырыспен алынған.  Халық қалаулылары қайырымдылық шарасы алдағы күндері өзге де балалар үйі мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қызмет ететін мекемелерде жалғасын табады деп отыр. Айта өтейік, бүгінде саңырау балаларға арналған №1 мектеп-интернатта 202 оқушы білім алады.

«Мұқтаж мекемелерден қажетті заттардың тізімін сұратып, соны өзара депутаттар бөліп алып, сұратқан дүниелерді жеткізіп жатырмыз. Өз қалтамыздан сатып алып, оларға қуаныш сыйлау — мақсатымыз. Бюджеттің қаржысына қарап қалуға болмайды, себебі қазынаның қаржысын бөлдіру үшін аз-кем уақыт керек. Алдағы уақытта қайырымдылық шарасын өткізуді жалғастырамыз. Бұл — біздің міндетіміз», - дейді облыстық мәслихаттың депутаты Өмірзақ Мелдеханов.

 

Хабарламаларға жазылу