БАЭ елшілігі астаналық оқушыларға сыйлық жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАЭ елшілігі астаналық оқушыларға сыйлық жасады

17.01.2019

Балаларға базарлық. Қазақстандағы Біріккен Араб Әмірліктері елшілігі астаналық оқушыларға сыйлық жасады. Шара «Мың балаға мектеп сөмкесі» атты қайырымдылық жобасы аясында ұйымдастырылды. Қала мектептеріндегі аз қамтылған және көпбалалы отбасының балалары мен   мүмкіндігі шектеулі оқушылар мектеп құралдарына байып қалды. Елшілік бұған дейін оқу жылының басында да осындай сый-сияпат жасап, балғындарды бір қуантқан еді. Жалпы, Біріккен Араб Әмірліктері елшілігі Қазақстан үшін көптеген қайырлы істер жасап келеді. Астанаға екі бірдей халықаралық мектеп салғандарын да айта кету керек. 

Дамира Шәкенова, №49 мектептің оқушысы:

- Бұл сөмкенің ішінде түрлі-түсті қағаз, дәптерлер, пенал бар. Бірақ, оқушыларға бұл артықтық етпейді. Себебі, жыл соңына дейін әлі біраз уақыт бар.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу