Роза Байбосынова: Қызымның әрдайым келін, ана образдарына таңдалып алынуы - отбасылық тәрбиенің нышаны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роза Байбосынова: Қызымның әрдайым келін, ана образдарына таңдалып алынуы - отбасылық тәрбиенің нышаны

24.08.2015
Роза Байбосынова: Қызымның әрдайым келін, ана образдарына таңдалып алынуы - отбасылық тәрбиенің нышаны

 

«Таңшолпанның» «Мерейлі отбасы» айдарының бүгінгі кейіпкерлері - белгілі күйші, ұлағатты ұстаз Ахат Байбосыновтың отбасы.

Ахат Байбосыновтың жары Розамен шаңырақ көтергендеріне биыл 38 жыл толып отыр. 2 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірді.  

 «Алғаш шаңырақ көтерген жылдары бір бөлмелі, кейін екі бөлмелі пәтерде тұрдық. Сонда да үйімізден қонақ арылмайтын. Балаларымыз соның бәрін көріп өскендіктен, қонақ сыйлаудың не екенін жақсы біледі», дейді ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Роза Байбосынова.

Қыздары Ғалия Байбосынова - танымал продюсер, ұстаз. Ал, жастардың сүйікті әншісі Айша Байбосынованы көпшілік  «Дауыс International» тобы арқылы жақсы таниды.

Көрермендерге Ұлттық арна арқылы жол тартқан «Қара шаңырақ» телехикаясындағы ибалы келін, адал жар, аяулы ана рөліндегі Алтынай - Гүлбаһрам Байбосынова да осы отбасынан шыққан.

Олар қыздарының әрдайым келін, ана образдарына таңдалып алынуын тамыры тереңде жатқан отбасылық тәрбиенің нышаны, деп біледі.  

Хабарламаларға жазылу