Болгария өзінің аймағына босқындарды жібермеу үшін шекараға әскер жіберуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болгария өзінің аймағына босқындарды жібермеу үшін шекараға әскер жіберуде

22.08.2015
Болгария өзінің аймағына босқындарды жібермеу үшін шекараға әскер жіберуде

Македония Грециядан ағылған көшіп-қонушылардың ағымын тоқтату мақсатында өзінің оңтүстіктегі шекарасын тарс бекітті. Енді көшіп-қонушылар екі елдің бірлескен аймақтары арқылы өз еліне лап қоймауы үшін Болгария өзінің шекарасына әскери күштерді жіберуде.

112.ua-ның DW агентігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Софияның Қорғаныс министрлігі қарулы күштердің шекаралық полициямен бірге шекаралық бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.  Сондай-ақ, хабарламада аталмыш шаралардың Ішкі істер министрлігімен бірлескен кешенді шаралардың аясында жасалып жатқандығы айтылған. 

Болгарияның Ішкі істер минитрі Румяна Бычванованың сөзінше, әзірге босқындардың үдере көшу жағдайы байқалмайды, алайда ол ел Премьер-Министрі Бойко Борисовпен сауықтыру шараларына қатысты мәселелерді талқылауда.

Македония территориясына бірнеше аптадан бері әсіресе, Сириядан мыңдаған заңсыз көшіп-қонушылар күн сайын келе беруіне байланысты төтенше жағдайлар режимін енгізіп,  Грециямен арадағы шекараны жауып тастады.  

Енді, Болгария өкілдері осы көшіп-қонушылардың Греция мен Болгария арасындағы шекарадан өтіп кетуінен қауіптеніп отыр. Болгария Македонияға қарағанда, Еуропалық Одақтың мүшесі және бұл ел Шенген аймағына кірмейді.

Осыған дейін босқындардың көпшілігі Болгарияға Греция арқылы келетін. Қазіргі таңда Болгария мен Түркия шекарасында 30 шақырымдық шекаралық қоршау салынуда, аталған аймақты қорғау үшін қосымша мыңдаған полиция қызметкерлері жұмылдырылды.   

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні Македонияда полиция қызметкерлері мен босқындар арасында қақтығыс туындады. Босқындар Македония мен Сербия арқылы Еуроодақтың тұрақты дамып отырған мемлекеттеріне өтіп кетуді мақсат етіп отырған көрінеді. 

 

Хабарламаларға жазылу