Қытай Ресейге деген инвестициялар көлемін 20 пайызға қысқартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай Ресейге деген инвестициялар көлемін 20 пайызға қысқартты

22.08.2015
Қытай Ресейге деген инвестициялар көлемін 20 пайызға қысқартты

Қытайдың Ресейге деген тікелей инвестицияларының көлемі 2015 жылдың алғашқы 7 айында 20 пайызға кеміді. Бұл туралы ҚХР-дің Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері бойынша коммерция министрі Лин Цзи мәлім етті.  

«Экономиканың нақты секторына тікелей инвестициялар көлемі кеміп барады, ал портфельдік инвестициялар көлемі артуда. Бұл инвестициялық белсенділік төмендеді дегенді білдірмейді, инвестор әлемдік экономикадағы жағдайға сәйкес, Ресей экономикасына инвестиция салудың жаңа жолдарын іздестіруде», деп келтіреді Қытай өкілінің сөзін ТАСС. 

Бұл ретте алғашқы жартыжылдықта Ресейдің Қытайға деген инвестицияларының көлемі 25 пайызға төмендеді. Қытай өкілінің сөзінше, жағдайдың бұлайша қалыптасуының басты себебі рубльдің құнсыздануы. 

Бұған дейін Ресей мен Қытай арасындағы сауда айналымы биылғы жылдың ақпаны мен сәуірі аралығында 32,9 пайыз қысқарғандығы жарияланған. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, екіжақты сауда көлемі 19,5 млрд долларды құрады.   

Хабарламаларға жазылу