Тіпті ішімдікті аз мөлшерде ғана пайдаланудың өзі қатерлік ісіктің қозуына ықпал етуі мүмкін, деп есептейді ғалымдар. Алайда, адамдар ішімдікті бір тәулікке есептелген нормамен ішетін болса, ауру туу қаупі әрине, азаяды.
Британияның денсаулық сақтау жүйесі ерлер құрамында спирті 4,5 пайыз болатын сыраның күніне екеуін ғана ішуге болатындығын, ал әйел азаматтарға күніне 12 пайыздық спирті бар шарапты шағын стаканмен екеуін ғана ішуге болатындығын айтады.
Британиялықтардың бұл ұсыныстары әлі де болса қаралып, талқылануда және олар өзгеріске ұшырауы да мүмкін.
Ал британиялық дәрігерлердің кеңестеріне сүйенетін болсақ, «туыстары қатерлі ісікке шалдыққан азаматтарға алкогольді аз көлемде пайдаланған дұрыспа әлде мүлде бас тартқан оңды ма ? - деген мәселені ойланулары керек»,-дейді Торонтодағы Тәуелділік пен жүйке саулығы орталығының дәрігері Юрген Рем.