«Сенбілік кездесуде» - Досхан Жолжақсынов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік кездесуде» - Досхан Жолжақсынов

22.08.2015
«Сенбілік кездесуде» - Досхан Жолжақсынов

Досхан Жолжақсынов — театр мен кинода 200-ден астам бейнелер сомдаған тұлға. Ол еңбек жолын 1971 жылы қазіргі балалар мен жасөспірімдер театрының актері болып бастаған. 1995-2001 жылы осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі қызметін атқарады.

Театрда ойнаған рөлдері арасында Ақан, Сәмет (Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысында», «Қазақ солдаты» романы бойынша), Глумов (А.Н.Островскийдің «Адам аласы ішіндесінде»), Әзберген (Ә.Таразидің «Індетінде», Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1996; Түркітілдес халықтар театрлары байқауының бас жүлдесі, Қазан, 1998), т.б. бар.

Актёр халық әндері мен қазіргі қазақ композиторларының әндерін шебер орындаушы ретінде де кеңінен танымал. Халық әртісі көпшілікке режиссерлік қырымен де мәлім.

Бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесуден» Досхан Жолжақсыновтың жақындары мен дос-жарандарының әңгімесін тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу