«Бордо» - «Қайрат» матчы 1:0 есебімен аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бордо» - «Қайрат» матчы 1:0 есебімен аяқталды

21.08.2015
«Бордо» - «Қайрат» матчы 1:0 есебімен аяқталды

Францияның «Нуво Стад де Бордо» стадионында өткен ойында «Бордо» командасы 1:0 себімен жеңіске жетті. 

Ойын болжағандай өте белсенді басталды. «Бордо» футболшылары көп шабуыл жасап, допты өз бақылауында ұстады. Матчтың 5-ші минутында франциялық команданың шабуылшысы Кизе-Телин есеп ашатын мүмкіндікті мүлт жіберді.

Осыдан кейін «Бордо» шабуыларды үдете түсті, алайда «Қайрат» қарымта шабылда ойнады. Алайда матчтың 27-ші минутында Вахби Хазри гол соғып алаң иелерін алға шығарды. Тағы алты минуттан кейін «Бордо» ойыншылары тағы гол соғып кете жаздады.

Екінші таймда да шабуылдар толастамады. Алайда ойыншылардың біраз шаршап қалғаны байқалды. Осылайша өте тартысты өткен матч 1:0 есебімен аяқталды.

«Бордо»: Жером Приор, Диего Контенто, Николас Паллоис, Абду Траоре, Диего Ролан, Енри Савиет, Исаак Киес, Андре Поко Биёго, Седрик Ембер, Вахби Хазри, Фредерик Жилберт,
Қосалқы ойыншылар: Симон Лефебре, Милан Гайич, Томас Туре, Николас Маурис-Белай, Жуссии, Енцо Кривелли, Махим Пондж.

«Кайрат»: Владимир Плотников, Бруно Соарес, Марк Гурман, Михаил Бакаев, Бауыржан Исламхан, Исаэл, Жерар Гоу, Ермек Куантаев, Сито Риера, Исламбек Куат, Анатолий Тимощук.
Қосалқы ойыншылар: Сергей Ткачук, Тимур Рудосельский, Жамбыл Кукеев, Аслан Дарабаев, Сержиньо, Улан Конысбаев, Джордже Деспотович.

Толық матчты мына сілтеме арқылы көруге болады.

Енді «Қайрат» - «Бордо» қарымта матчы Алматының «Орталық стадионында» 27 тамыз күні сағат  20:45-те өтеді.

Еске сала кетейік, бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу