Оңтүстік Қазақстанның әкімі Б.Атамқұлов жарыс жүлдегеріне миллион теңгенің сертификатын тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстанның әкімі Б.Атамқұлов жарыс жүлдегеріне миллион теңгенің сертификатын тапсырды

20.08.2015
Оңтүстік Қазақстанның әкімі Б.Атамқұлов жарыс жүлдегеріне миллион теңгенің сертификатын тапсырды

Бұған қоса, Б.Әлментайдың жаттықтырушысы Тоймұханбет Төребекұлының да еселі еңбегін бағалап, бес жүз мың теңгенің сертификатын берді. Қабылдау барысында облыс әкімі балуанды жеткен жетістігімен құттықтап, ұлысымыздың ұйытқысы саналатын өңірде спорт саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқарылатынын айтты. Келер жылы өтетін жазғы Олимпиадаға қатысудан үмітті оңтүстікқазақстандық спортшылардың дайындығына қажетті жағдайдың жасалатынын хабарлады.

Естеріңізге салсақ, бүгінде облыстың төрт спортшысы, атап айтқанда оқ атудан Ю.Юрьков, Е.Лунина, Р.Юнусметов, былғары қолғап шебері Б.Жақыпов Олимпиада жолдамасын жеңіп алған.

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы алдағы күз айларындағы  бірқатар лицензиялық жарыстарға қатысатын спортшыларымыздың лицензия иегері атанып, Олимпиадаға жолдама алатынына сенім білдірді.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстанда 80 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары жұмыс істейді. Аталған ұйымдарда  спортпен тұрақты түрде шұғылданатын 52 мыңнан астам спортшы мен 1 мың 565 жаттықтырушы қызмет атқарады. 

 

Хабарламаларға жазылу