Жангелді Ерденұлы: Біз жан-жақты саясат жүргізіп отырмыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жангелді Ерденұлы: Біз жан-жақты саясат жүргізіп отырмыз

20.08.2015
Жангелді Ерденұлы: Біз жан-жақты саясат жүргізіп отырмыз

Күні кеше теңгенің долларға шаққандағы бағамы көтерілді. Осыған орай елбасы Ақордада экономикалық саясаттың жүйелі  шаралары жөнінде кеңес өткізіп, экономикаға әсер етуі мүмкін сыртқы факторларды  атап өтті.

Дәл осы сыртқы факторлардың әсері туралы Жангелді Ерденұлы: «Алдымен, Ресейдің сыртқы саясатына тоқталсақ. Біздің ел Ресеймен Экономикалық одаққа кірдік, одан бұрын Кедендік одақта да бірге болғанбыз. Сондықтан да, бұл елдің сыртқы саясаты бізге әсер етіп жатқаны белгілі.

Екінші фактор – Қытай. Қытайдың соңғы 20 жылдағы негізгі саясаты – юаньді әлсіретіп, экспортын арттыру. Осылайша, жуырда бір аптаның ішінде екі рет девальвация болды. Мысалы, Ресей рублі әлсіреген кезде, біздің тұтынушыларымыздың дені сол елдің тауарын сатып алды. Енді олар Қытайға ауады. Бұл бір жағынан жақсы. Халық тауарға қарық болып қалады. Ал, екінші жағынан өзіміздің отандық өнімдерге деген сұраныс азаяды. Бұл отандық өндіріске қиындық туғызады»,-дейді.

«Біздің қазіргі бағытымыз – көпвекторлы. Сыртқы саудаға келер болсақ, біздің елдің 50 пайызы – Еуропалық одақпен сауда-саттыққа бағытталған. Бұл көрсеткіш Ресейде – 14 пайыз, Қытайда 30 пайыз  ғана. Айналып келгенде, біз жан-жақты саясат жүргізіп отырмыз. Біздің сыртқы саясатымыздың ұтымды жері осы».

«Доллардың бағамы өзінен өзі тұрақтануы үшін, сұраныс пен ұсыныс өзін өзі ақтауы үшін Ұлттық банктің араласпағаны дұрыс. Девальвация өзінен өзі болуы керек. Оны еркін бағамына жіберу қажет»,-дейді профессор.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу