Жыл соңына дейін елордада 10 балабақша пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін елордада 10 балабақша пайдалануға беріледі

18.08.2015
Жыл соңына дейін елордада  10 балабақша пайдалануға беріледі

Бұны бүгін Астана қалалық Білім басқармасының өкілдері Астана әкімдігінің  сайтында жария етті.

Оларды  мекен-жайларымен қарастыратын болсақ, Айнакөл мен Мирзоян көшелерінің қиылысында,  Сауран мен № 24 көшенің қиылысында 240 орындық,  Түркістан-Орынбор - № 25, № 26 көшелерінің қиылысындағы 200 орындық, Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық № 1 балабақша, Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық № 2 балабақша, Комсомол кентіндегі Қыз Жібек көшесі мен Ұлпан қысқа көшесінің қиылысында 280 орындық балабақша, Комсомол кентіндегі  Қыз Жібек көшесі мен Баян Сұлу көшесінің қиылысындағы 280 орындық балабақша орналасады.

Сондай-ақ № 23 көшенің аумағында 240 орындық балабақша (Орынбормен № 36 көшенің арасында), Үркер шағын ауданындағы 240 орындық балабақша, Көктал-2 кентіндегі 240 орындық санаториялық балабақша пайдаланылады.

Сонымен қатар № 4 «Аружан» балабақшасына 60 орындық қосымша  ғимарат пайдалануға беріледі.

Хабарламаларға жазылу