Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жарлығымен, Солтүстік Қазақстан облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының бастығының міндетін атқарушы болып, Жүсіпов Жанат Қабиденұлы тағайындалды.
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Кapital.kz.
Ж.Жүсіпов 1980 жылы Көкшетау облысы, Ленин ауданының Горький ауылында туылған. Ол Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетін бітірген. Қарағанды заң академиясын "бухгалтерлік есеп" және "загер" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. Сондай-ақ 2003-2004 жылдары Ақмола облыстық ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқармасында бас маман қызметін атқарған. 4 жыл Ақмола облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөілімінің бас маманы болса, 2008-2010 жылдары Ақмола облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарған.
2010 жылы Индустриялар және жаңа технологиялар министрлігінің Базалық салалар департаментінің машинақұрылысы басқармасының бас сарапшысы болып, одан әрі Индустриялар және даму министрлігі хатшылығының бас сарапшысы қызметін атқарған.
2012 жылы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары және Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары болған. 2012-2013 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, 2013-2014 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданы әкімінің орынбасары болған.