Онда тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы, инвестиция тарту, жаңа оқу жылына қала мектептерін дайындау және тағы да бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтер бойынша, өткен аппараттық жиындардың бірінде елордадағы супермаркеттердің, сауда орталықтары мен денсаулық сақтау мекемелері, сондай-ақ, өзге де әлеуметтік нысандардың халыққа көрсететін қызметтерінің сапасын арттыру бойынша мәселе көтерілген болатын. Бұл мәселеге тұрғындар да үн қосты. Қала басшысы атап өткендей, қалалық құрылымдардың басты жұмыс бағыты елордалық сервис деңгейін және халыққа көрсетілетін барлық қызмет түрлерінің сапасын арттыру болуы керек.
Әкімнің сөзінше, бюджет саясатында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік механизмін жиі пайдаланып, инвесторларды тарту қажет. Елорда басшысы Астанада инвестициялық қолайлы жағдай жасау ең өзекті мәселе болып отырғанын атап өтті. Елордада 27-30 қазан аралығында өтетін «Astana Invest – 2015» VI халықаралық экономикалық форумы да осы түйткілді мәселелерді шешуге арналады.
- Бұл жұмысқа формальды түрде қарамау керек. Кедергілерді жою бойынша менің қойған талаптарым шұғыл түрде жүзеге асуы қажет, - деді әкім.
Қала мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы және олардың жағдайы жақсы болғанымен, әкім қала мектептерінің санитарлық жағдайы, мектеп аулаларында тұрғылықты меен-жайы жоқ адамдардың жүруі, вокзал маңын түнггі көбелектер мен олардың қызметін ұсынатын сутенерлардан арылту сияқты бірқатар проблемаларды көтеріп, қаланы бзендіру мәселесне назар аударды.