13 тамызда – әлемдегі ең алғашқы түрлі-түсті телебағдарлама эфирге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

13 тамызда – әлемдегі ең алғашқы түрлі-түсті телебағдарлама эфирге шықты

13.08.2015
13 тамызда – әлемдегі ең алғашқы түрлі-түсті телебағдарлама эфирге шықты

1928 жылы 13 тамызда Лондонда шотланд ғалымы Джон Бэрд негізін қалаған Еуропалық акционерлік компанияның радиостанциясы арқылы әлемдегі ең алғашқы түрлі-түсті телебағдарлама эфирге шықты.

Бэрдтің телевизиялық жүйесі заманауи телевизиядан өзгеше еді. Ол өнертапқыш Пауль Нипковтың металды дискісін пайдалану арқылы механикалық сканерлеу жүйесі негізінде жасалды.

Бэрд жүйесінің артықшылығы сол, экранның мүмкіндігі аз болса да қарапайым ортатолқынды радиожүйе арқылы  телевизиялық бейнені көрсете алды.

Ғалым  BBS компаниясының радиожүйесін пайдаланып та суреттерді жібере алатын еді. Өнертапқыш әлемде тұңғыш телевизиялық бейнені ойлап тапты. Ол пошта маркасының көлеміндей ғана болды. Әрі көрсетілім мүмкіндігі де төмен еді.

Джон Бэрд құрылғысын тұңғыш рет 1924 жылы Соходағы лондондық дүкендердің бірінде халық назарына ұсынды. Алайда, өнертапқыш бағдарламаны сапалы түрде көрсете алмады.

Себебі, экранда тек адамның бей-әлпетінің көлеңкесі ғана көрінді. Ал, 1926 жылы ғалым екінші мәрте тәуекелге барады. Нәтижесінде, халықтың таңданысында шек болмады. Тағы екі жыл өткен соң, 1928 жылы Бэрд түрлі-түсті теледидардың жаңа моделін шығарды.

Хабарламаларға жазылу