Бейбіт Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі болып тағайындалды

08.08.2015
Бейбіт Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының активіне жаңа әкім Бейбіт Атамқұловты таныстырды. Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында жарияланды.

Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметовті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындаған болатын.

Бұған дейін Бейбіт Атамқұлов Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарған.

Біздің анықтама:

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов - 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысында дүниеге келген.

1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «инженер-металлург» мамандығы бойынша аяқтаған. 2000 жылы Санкт-Петербург экономика және қаржы мемлекеттік университетін тәмамдады, экономика ғылымдарының кандидаты.

1985 жылдан бастап — А.П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының Жез балқыту зауытында балқытушы.

1986 жылдан бастап — Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, шебер, рафирленген цехтың аға шебері т.б. қызметтер атқарды.

1991 жылдан бастап 2006 жыл бойынша жеке секторда — өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс атқарды.

2006 жылдан бастап — Кеңесші, РФ-ғы ҚР Елшісінің Елші-Кеңесшісі.

2007 жылдан бастап — Ирандағы Қазақстан Республикасы Елшісінің Елші-Кеңесшісі.

2008 жылдан бастап — Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы.

2010 жылдан бастап — Малайзия, Индонезия Республикасы, Бруней-Даруссалам, Филиппин Республикасында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2012 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы.

2014 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы.

Хабарламаларға жазылу