Білім және ғылым министрлігі білім гранттарының тізімін 11 тамызда жариялайды

08.08.2015
Білім және ғылым министрлігі білім гранттарының тізімін 11 тамызда  жариялайды

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бастаған Білім және ғылым министрлігінің Білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссиясы жұмысын аяқтады. Бұл туралы Министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Биылғы тест сынағын тапсырғандарға берілетін мемлекеттік білім гранттарының иелерін анықтайтын комиссия құрамында мемлекеттік органдар қызметкерлері, ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан азаматтық альянсының, Ғылым және білім қызметкерлері кәсіподағының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары болды.

Комиссия 2015 жылға бөлінген 32 168 грант иегерлерін толық анықтады.

Хабарламаларға жазылу