Ертең Министрліктер үйінде «Мектепке жол» акциясының ашылуы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Министрліктер үйінде «Мектепке жол» акциясының ашылуы өтеді

02.08.2015
Ертең Министрліктер үйінде «Мектепке жол» акциясының ашылуы өтеді

 Шара барысында  «Дар» қоғамдық қоры  аз қамтылған отбасылардың 10 баласына мектеп жабдықтарын табыстайды, деп жазады astana.gov.kz.

30 қыркүйекке дейін жалғасатын акция барысында бірінші сыныпқа баратын балаларға арналған қайырымдылық шаралары мен мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Іс-шараларға Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Білім басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жастар саясаты жөніндегі басқармасы, қоғамдық бірлістіктер, Ішкі істер басқармасының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар қоғамдастықтары және тағы басқа ұйымдар атсалыспақ.

Хабарламаларға жазылу