Қазақстанға эстониялық және латвиялық балық өнімдерін әкелуге уақытша шектеу енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға эстониялық және латвиялық балық өнімдерін әкелуге уақытша шектеу енгізілді

30.07.2015
Қазақстанға эстониялық және латвиялық балық өнімдерін әкелуге уақытша шектеу енгізілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті латвиялық және эстониялық балық өңдеуші кәсіпорындарында өндірілген дайын және консервіленген балық өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге уақытша шектеу енгізді.

Себебі балық өнімдерінің құрамындағы бенз(а)пирен рұқсат етілген деңгейден артық.

Мұндай шара РФ Ветеринариялық және фитосанитарлық бақылау комитетінің тарапынан аталған балық өңдеуші кәсіпорындарын инспекциялау нәтижесі бойынша жасалған алдын ала есебінің негізінде қабылданды.

Анықталған фактілер Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринарлық-санитарлық талаптарына сай келмейді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

 

ФОТО: lsm.lv

Хабарламаларға жазылу