EXPO-2017 нысандар құрылысына Қазақстанның бүкіл облыстары қатыса алады. 27 шілдеде «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ басшылығы оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлермен кездесіп, ынтымақтасуға болатын жолдарды талқылады.
Еліміздің ең ірі нысанын салу барысында Қазақстанның шағын және орта бизнесіне ұсынылған мүмкіндіктер құрылысты жүргізіп жатқан бас мердігерлер - «Сембол Иншаат», «Базис ҚК», «АБК Құрылыс», «Mabco constructions S.A.», «АДС» компанияларының қатысуымен өткізілген мәжіліс аясында сөз болды.
Басқосуға Оңтүстік Қазақстан облысынан барлығы 20-дан аса жеткізуші компания қатысты.
Айта кетейік, «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ – EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындалу және оны өткізу үшін 2013 жылдың 15 қаңтарында құрылды. Көрме Астанада 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта өтеді.
Халықаралық шараға 100 ел, 10-нан астам халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар саласындағы 10 көшбасшы компания қатысады, деп жоспарлануда.