Астанадағы Ұлттық музейде «Әлемдік мәдениет және заманауи өнер» жобасы аясында «Ұлылармен сұхбат» көрмесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Ұлттық музейде «Әлемдік мәдениет және заманауи өнер» жобасы аясында «Ұлылармен сұхбат» көрмесі өтуде

25.07.2015
Астанадағы Ұлттық музейде «Әлемдік мәдениет және заманауи өнер» жобасы аясында «Ұлылармен сұхбат» көрмесі өтуде

Шараға «Parallel Worlds» шығармашылық тобына біріккен ХХ-ғасырдың 70-80 жылдарындағы петербургтық және мәскеулік кескіндеме мектебінің өкілдері Латиф Казбеков, Александр Кондуров, Люся Кондурова, Валерий Лукка, Вячеслав Михайлов, Надежда Николаева, Алексей Талащук, Олег Яхнин, Дмитрий Каминкер, Леонид Колибаба, Ольга Булгакова, Сергей Гета, Дмитрий Иконников, Ольга Гречина, Юрий Миронов, Иван Лубенников, Александр Ситников, Татьяна Назаренколардың 90-нан астам туындылары қойылған, деп жазады mks.gov.kz сайты. 

Жобаның басты мақсаты – ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы ресейлік суретшілердің шығармашылық мұраларын сақтау, әрі олардың шығармаларын көпшілікке таныстыру.

Көрме 27 тамызға дейін жалғасады.

Хабарламаларға жазылу