Қарғалы өзеніндегі су тасқыны салдарын жоюға 1600-ге жуық адам жұмылдырылды - Алматы қаласы әкімінің орынбасары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарғалы өзеніндегі су тасқыны салдарын жоюға 1600-ге жуық адам жұмылдырылды - Алматы қаласы әкімінің орынбасары

23.07.2015
Қарғалы өзеніндегі су тасқыны салдарын жоюға 1600-ге жуық адам жұмылдырылды - Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Алматыда Қарғалы өзеніндегі су тасқыны салдарын жоюға 1600-ге жуық адам жұмылдырылды. Бұл туралы бүгін Наурызбай ауданы әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қарғалы өзенінде болған су тасқыны салдарынан Алматы қаласының үш ауданы - Наурызбай, Әуезов және Алатау ауданында орналасқан бірқатар тұрғын үйлерді су басты. Алатау ауданына қарасты Алғабас кентінде 97 үйдің ауласы су астында қалды. Бірақ, үйлерге ешқандай зақым келген жоқ. Қазір жағдай толық бақылауға алынды.

Қарғалы өзенінің су деңгейі бесеңдеген соң, су тасқынынан көп зардап шеккен Наурызбай ауданында орналасқан тұрғын үйлерді аралап, келтірілген шығындарды есептейміз», - деді қала әкімінің орынбасары Юрий Ильин.

Қала басшысының орынбасары сонымен қатар, селдің салдарын жою жұмыстарына жергілікті атқарушы органдардың, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің және Ұлттық гвардия бөлімшелерінің тартылғанын жеткізді. 

Хабарламаларға жазылу