«TECHNATION» жедел даму бағдарламасына өтінімдерді қабылдау аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«TECHNATION» жедел даму бағдарламасына өтінімдерді қабылдау аяқталды

23.07.2015
«TECHNATION» жедел даму бағдарламасына өтінімдерді қабылдау аяқталды

Сараптама комиссиясының қарауына барлығы 345 жоба келіп түсті. Оның ішінде басым бағыттар бойынша жобалардың көпшілігі ұялы технологияларды әзірлеуге қатысты 142 жоба, электронды коммерция бағыты бойынша – 114 жоба, медиа-технологиялар бағыты бойынша -  59 жлба, бұлтты есептеулер бағыты бойынша - 30 жоба бар.

Өтінімдердің басым бөлігі Қазақстаннан 262 жоба (76 пайыз), Украиналық стартап топтардан -  46, сондай-ақ, Ресей Федерациясының стартап топтары өз белсенділігін көрсетті, олар бағдарламаға 14 жоба ұсынылған.

Өтінім берушілердің арасында Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларус, Словения, Абхазия, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Испания, Оңтүстік Корея, Тайланд пен ҚХР - нан стартап топтар бар.

Халықаралық Сараптау комиссиясы стартаптарды қалыптастыру мен коммерциялық жобалардың инвестициялық тартымдылығын талдау бойынша шеберлік сабақтардан одан әрі өту үшін 40 үздік топты анықтайды.

Хабарламаларға жазылу