Астанада «Постфактум» кедендік тазарту режимінің енгізілуі» атты баспасөз брифингі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Постфактум» кедендік тазарту режимінің енгізілуі» атты баспасөз брифингі өтеді

22.07.2015
Астанада «Постфактум» кедендік тазарту режимінің енгізілуі» атты баспасөз брифингі өтеді

23 шілдеде Астанада ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінде  «Постфактум» кедендік тазарту режимінің енгізілуі» атты баспасөз брифингі өтеді. 

Брифинг барысында сыртқы экономикалық іс-әрекеттерге қатысушылардың кейбір топтарына тауарларды декларацияламай тұрып, өндіру мүмкіндігін беру мәселелері талқыланады.

Бұл мүмкіндік «Нұрлы жол  Болашаққа бастар жол» Жолдауының және «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының аясында жасалып отыр.

Шараның спикері ретінде  Кедендік ресімдеу департаменті Кедендік ресімдеу басқармасының жетекшісі Қуат Рахимов қатысады.

Хабарламаларға жазылу