БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен 2009 жылдың 18 шілдесінен бері Нобель сыйлығының лауреаты Халықаралық Нельсон Мандела күні аталып өтіп келеді.
Осыған орай бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Нельсон Мандела аудиториясының ашылу рәсімі өтеді.
Шараға ҚазҰУ-дың басшылығы, Оңтүстік-Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Шириш Манаклал Сони, БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің Алматыдағы өкілі Властимил Самек және университеттің оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысады.
Сондай-ақ, «Халықаралық Нельсон Мандела күні: белсенді еріктілер құрылымы» атты тақырыпта семинар өтізіліп, ҚазҰУ мен Durban University of Technology (ОАР) университеттері оқытушылары және студенттерінің қатысуымен онлайн-конференция ұйымдастырылмақ.