Дүние жүзінде қауіпсіз 5 қала бар.
Бұл қалалардың тұрғындары күндіз де, түнде де еркін серуендеп және дүние мүліктерін қараусыз қалдырып кете береді, дейді BBC Travel тілшісі.
Әдетте кафеде әмианды немесе ноутбукты аз уақытқа болса да қараусыз қалдыруға болмайды, дегенмен қауіпсіз қала тұрғындары қамсыз.
Қауіпсіз деген 5 қаланың бірі - Осака
Ұлыбританиядан 17 жыл бұрын көшіп келген, ағылшын тілді «Kansai Scene» журналының негізін қалаушы Дэниэл Лидің айтуы бойынша «Жапония өмір сүруге қолайлы және қауіпсіз. - Бұл жақтың тұрғындары кафе үстелінде жеке заттарын қалдырып, тапсырыс беруге кете береді. Ал, басқа жерлерде олай істеу мүмкін емес».
Осака - бизнестің қаласы. Демек адамдар түн ортасына дейін қоғамдық көліктерді пайдаланады.
«Түн ішінде бизнесмендер пойызбен жүре береді және станциялардағы терминалдарда күндіз-түні адам көп. Метролардың қауіпсіздігі соншалықты кез келген әйел түн жарымда жалғыз жүре алады», - дейді Киото қаласынан 25 жыл бұрын көшіп келген, қаладағы дәстүрлі Но жапон театрының жетекшісі Ёсие Ямамото.
«Осака - саудагерлер қаласы және жергілікті тұрғындар бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста. Кез келген барға кіретін болсаңыз, сізді 100 жыл көрмеген досындай күтіп алады. Не айтып жатқанын түсінбесеңіз де мейірімділік аурасы сізді таңғалдырары сөзсіз», - дейді Ли.
Амстердам
Амстердам - тізімдегі қалалармен салыстырғанда кішірек, халқының саны миллионға жетпейді. Бірақ бұл қаланың қауіпсіздігі жағынан артықшылығы бар. Амстердамға тән қасиет - адамдар бейбіт өмір мен тыныштықты сезінеді.
Нью-Йорктен 3 жыл бұын көшіп келген, Принсенграхт жағалауындағы «Andaz Amsterdam» қонақ үйінің бас директоры Тони Хинтертойссер: Мен өзімді ерекше қауіпсіз сезінемін. Бұл жақта адамдар өздерін еркін, сабырлы ұстайды және оларды ашуландыру қиын. Полициялары әрдайым керек кезінде қасыңнан табылады, өте сыпайы әрі талаптары да нақты.
Алайда, ескеретін бір жайт: «Амстердам негізінен суда салынған қала болғандықтан, сіз тұратын үйдің едені деңгей бойынша қойылады деп ойламаңыз. Егер теннис добын бөлменің бір бұрышына қойсаңыз, сол мезетте басқа бұрышына домалайды», - дейді Тони Хинтертойссер.
Сидней
Австралиядағы ең үлкен қала екеніне қарамастан, Сиднейдің мәдениеті, адамдардың қарым-қатынасы, жергілікті тұрғындардың өздерін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасалған.
«Біздің қауымдастықтағы адамдар бір-біріне қамқор,дейді жергілікті тұрғын «My Detour» туристік компаниясының басшысы Ричард Грэм. - Егер біреу күдікті болып көрінсе, көршілерге айтамыз, аз уақыт ішінде ақпарат сол аймақ тұрғындарына жетеді».
Қала басшылығы жақында адамдардың көпшілігі жаяу жүруі үшін «жаяу жүргіншілерге арналған жол және көше өткелдеріне» жылына 15 миллион АҚШ долларын бөліп отыру туралы шешім қабылдаған.
Сиднейде неғұрлым жаяу жүрсеңіз, қоғамға қаншалықты жақын екеніңізді сезесіз, - дейді «Urban Walkouts» Сидней нұсқаулығының авторы Виктория Мокси.
bbc.com