Чемпиондар Лигасы. «Марибор» - «Астана» ойыны көрсетілмейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар Лигасы. «Марибор» - «Астана» ойыны көрсетілмейтін болды

10.07.2015
Чемпиондар Лигасы. «Марибор» - «Астана» ойыны көрсетілмейтін болды

Өкінішке қарай, 14 шілдеге жоспарланған УЕФА Чемпиондар лигасының 2-ші кезеңіндегі «Марибор» мен «Астана» арасындағы матчтың тікелей көрсетілімі болмайды.

«Марибор» футбол клубының хабарлауынша Словения телевизиясы еш себепті түсіндірместен ойынның көрсетілімінен бас тартқан. Ал, бұған дейін матч «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 14 шілде күні сағат 00:30-да тікелей эфирде, ал 15 шілдеде екі рет қайталаумен «KAZsport» телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланған.

Қазіргі уақытта көрсетілімді ұйымдастырудың басқа да нұсқалары қарастырылуда. Көрсетілім «Марибор» клубының сайтында жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы қосымша хабарланады.

Хабарламаларға жазылу