Астанада дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада дауылды ескерту жарияланды

10.07.2015
Астанада дауылды ескерту жарияланды

Бүгін Астана қаласында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен қатты жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Синоптиктердің хабарлауынша, көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады, ауа температурасы күндіз +18+20°С, ал түнде +10+12°С болады.

Ауа райының күрт бұзылуының салдарынан қалалық коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бүгін қала аумағында жаңбыр суларын сору жұмыстарына 30-ға жуық мамандандырылған техника тартылды.

Атап айтқанда, «Алматы» ауданы бойынша 11 ассенизаторлық көлік, «Сарыарқа» ауданы бойынша  9 мамандандырылған техника мен 1 сору құрылғысы бар МТЗ көлігі және «Есіл» ауданында 8 ассенизаторлық көлік, 5 мотопомпа мен 2 сору құрылғысы бар трактор тиісті жұмыстармен айналысуда.

«Астана Тазалық» ЖШС хабарлауынша, қала көшелеріндегі мамандандырылған техника саны жүктеменің артуына байланысты көбейіп отырады.

Айта кетейік,  «Қазгидромет» РМК мәліметінше, шілденің 11-12 күндері де елордада жаңбыр жауады.

Хабарламаларға жазылу