12 маусым күні Қызылордада жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанды еске алу шарасы өтті. Осыған орай ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Сәуле Досжанова «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Еске алу кешіне Алматы, Астанадан зиялы қауым, саяси элита өкілдері қатысты. Онда жазушының шығармашылығы, өмірі, жалпы қазақ әдебиеті туралы әңгіме өрбіді. Бұл кешті тек Дүкенбай Досжанды еске алу деп емес, жалпы қазақ әдебиетіне құрмет деп қабылдауға болады»,-дейді ақынның жары.
«Биыл «Тарланбоз» деген кітап шыққан еді. Онда Дүкеңнің Мырзатай Жолдасбеков, Әбіш Кекілбаев ағаларымыз бастаған замандастарының естеліктері, Дүкең туралы айтылған жақсы сөз, оның шығармашылығына талдау –енді. Сонымен қатар, өзімнің «Менің жалғыз серігім» атты кітабым жарық көрді. Кеште осы екі кітаптың тұсауы кесілді».
Сәуле Досжанованың «Менің жалғыз серігім» өлеңін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.