Қайрат Сақ: Журналистика – өмір бойы ізденетін мамандық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Сақ: Журналистика – өмір бойы ізденетін мамандық

09.07.2015
Қайрат Сақ:   Журналистика – өмір бойы ізденетін мамандық

7 шілде күні  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің 2015 жылғы түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды. Осыған орай факультет деканы, профессор Қайрат Сақ бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Біздің факультеттің ашылғанына бес жыл толды. Сол бес жылдың ішінде үлкен өсу бар. Егер факультет құрылған кезде біздің студенттер контингенті 200-дің шамасында болса, қазір 800-ден асты. Соныңбиыл 180-ге жуығы бітіріп жатыр. 130-ы бакалавриат болса, қалған 47-сі магистратура академиялық дәрежесін алып шықты.  

Биылғы ерекшелік – бізде қоғаммен байланыс деген мамандық ашылған. Соның алғашқы түлектері ұшты. Енді студенттеріміз республиканың қоғаммен байланыс қызметіне үлестерін қосады, деп сенеміз»,-дейді Қайрат Сақ.

«Студенттеріміздің дені бұқаралық ақпарат құралдарымен бірінші курстан бастап айналысады. Ал, жоғары курстарға келгенде штаттық қызмет атқарып жатыр. Бұл бізді қуантады. Сонымен қатар,  Еуразия Ұлттық университетінде студенттерге жан-жақты жағдай жасалған. Студиялық сабақтарымыз Астанадағы БАҚ-ның редакциясында өтуде. Бұл бір жағынан теорияны күшейтуге, екінші жағынан тәжірибемен ұштастыруға пайдалы».

«Журналистика – өмір бойы ізденетін, нәр жинайтын мамандық. Сондықтан да, бұл мамандыққа келген адамның қызығушылығы болмаса, одан журналист шықпайды. Сосын білім керек. Талант пен білім ұштасқан кезде ғана  толыққанды маман болып шығады».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу