XIX ғасырдың басында әйгілі Наполеон Ватерлоо шайқасында жеңіліс тауып, жер қайысқан әскер тарайды. Наполеонның сенімді серігі болған офицер Станислас Бодри отставкаға шыққан соң, шағын бизнеспен айналысады.
Станислас алдымен қала шетінен үлкен монша ашады. Алайда, күн санап, оған келушілер азая бастайды. Оның басты себебі – моншаның қаладан шалғайда орналасқандығы еді.
Шағын бизнесін енді ғана бастаған кәсіпкер әбден ойланады. Бірнеше күн өткен соң, моншаға тікелей қатынайтын атты экипаж ойлап табады. Оған «Омнибус» деген ат қояды.
Ең өкініштісі, Станисластың моншасына келушілердің саны бәрібір көбеймейді. Қатты ашуланған ол өзінің омнибусын жетілдіріп, 1827 жылы патент алады. Кейін екі қабатты омнибустар да шықты.
Уақыт өте омнибус күллі әлемге тарап, жолаушыларды тасымалдайтын болды. Ал, 1905 жылы Франция көшелерінде 150-ге жуық ат жегілмеген ерекше омнибустар пайда болды. Ол іштен тұтанатын қозғалтқыш арқылы жүретін. Осы кезде оған «автобус» деген атау берілді.
Толығырақ «Таңшолпанда».