Бір кездері Алматыға арман қуып келген қазақтың қыз-жігіттері қазір белгілі өнер иелері. Солардың бірі – Жанар Айжанова. Әншіні арманы алдамады. Себебі ол, талғамы – биік, таразысы – бөлек әнші.
Домбыраны ұстазы Тілеуғали Қышқашбаевтен үйренсе, ән айтуда Галина Қарамолдаеваны үлгі тұтады.
Жанар Айжанованың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жеке концертін бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де тамашалай аласыздар.