«Тарихы тасқа жазылған» концертін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тарихы тасқа жазылған» концертін көріңіз

23.01.2016
«Тарихы тасқа жазылған» концертін көріңіз

Халықты жиырма бес жылдан бері әсем әніне бөлеп келе жатқан Жанар Айжанова жуырда Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап «Тарихы тасқа жазылған» атты жеке концертін өткізген болатын.

Кештің тақырыбы турасында әнші: «Мен осы концертімді қандай айдардың аясында өткізсем екен деп, «тоғыз ай толғаттым». Әуелде «Әсем әнім – сіздерге» деп атағым келген. Бірақ, байқасам, оным тым қарапайым болып кетеді екен. Сосын ойлана келе, «Тарихы тасқа жазылған» деген тақырыппен ерекше концерт өткізгім келді»,-дейді.

Репертуарындағы көпшілікке танымал әндермен қатар, өзінің авторлық әндері де орындалған кешті бүгін «Үздік әндерден» сағат 20:05-те тыңдаңыз!

Хабарламаларға жазылу