«Сенбілік таң» - кәсіпкер Бауыржан Оспановтың шаңырағында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» - кәсіпкер Бауыржан Оспановтың шаңырағында

04.07.2015
«Сенбілік таң» - кәсіпкер Бауыржан Оспановтың шаңырағында

Кәсіпкер, «ZHERSU» корпорациясының президенті Бауыржан Оспанов еңбекке ерте араласқан жан. Үшінші сыныптан бастап қабырғасы қара жұмыспен қатаяды. Сол еңбекқорлықтың жемісін көріп отырған ол – қазір елге сыйлы меценат.

Бауыржан Оспановтың ән-күйге деген ықыласы ерекше. Бала кезінде гитара, гармонь тартып үйренеді. Қазір терме-толғауларға әуес.

Ол сондай-ақ, кітапқұмар. Көп оқиды, көп ізденеді. Туған ауылында  екі кітап­хана болған екен. Бірі – мектептікі, екіншісі – ауылдық. Бауыржан бала кезінде сол кітапханалардағы кітаптарды бас көтермей оқитын көрінеді.

Жастайынан жылдың төрт мез­гілін­де де спортпен шұғылдануды жөн көретін ол  балалық шағын: «Қар жауы­сымен-ақ ауыл балалары далаға шанала­рын алып шығатын. Көлік жүріп өткен жолда хок­кей ойнайтынбыз. Шанамен дөңнен төмен қарай құйғытатынбыз», -деп  ерекше еске ала­ды.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де «Сенбілік таңды» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу