«Сенбілік таң» Исраил Сапарбайдың шаңырағында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» Исраил Сапарбайдың шаңырағында

06.06.2015
«Сенбілік таң» Исраил Сапарбайдың шаңырағында

«Ақынның ең үлкен бақыты – өз әлемін жасап алу»,-дейтін Исраил Сапарбай қазақ поэзиясында өз әлемін жасап қана қоймай, сол әлеміне өлең сүйетін оқырманын ғашық ете білген ақын, композитор, драматург.

Жүзге жуық ән және жиырма шақты жыр жинағының авторы туралы Қадыр Мырза-Әлі: «Исраил Сапарбай әдебиетке «капитальный» келген ақын. Әдебиеттің тұрақты өкілі. Ол әдебиетке нықтап келген ақын, мықтап қала береді де», деп айтқан еді.

Ал, ақынның өзі: «Драматургияда да, поэзияда да, музыкада да мен ылғи мұң мен ойда жүремін. Мен үшін өмірдің өзі – бір тамшы көздің жасындай…»,-дейді.

Бүгін «Сенбілік таң» ақын шаңырағында қонақта. Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көріңіз.

Хабарламаларға жазылу