Тоқсаныншы жылдары Қазақ ССР-нің ЖІӨ 15 пайызын, республикалық бюджеттің 25 пайызын жеңіл өнеркәсіп саласы қамтыды. Алматы, Шымкент, Жамбыл, Ақтөбе өңірлерінде тері илейтін, киім тігетін ірі фабрикалар жұмыс істеді. Ал, бүгінде жеңіл өнеркәсіп еліміздің ЖІӨ-нің 0,01 пайызын ғана құрайды.
Қазақстандағы жұмысы оңға баспай тұрған саланың бірі осы – жеңіл өнеркәсіп. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дені бәсекеге қабілетсіз. Себебі, еліміздің тері, жүн, мақта-мата секілді шикізаты шетел асып, кейін дайын өнім ретінде өзімізге қайта келеді. Ал, халық оны екі есе бағаға сатып алуда.
Саланы қайтсе дамытуға болады? Бүгін 13:25-те «Жеңіл өнеркәсіп: шағын бизнестің бастауы» арнайы хабарын көріңіз.