Жәрмеңке бастауы – Жетісу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәрмеңке бастауы – Жетісу

19.06.2014
Жәрмеңке бастауы – Жетісу
 
Астана қаласында өзге облыстардың ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесінің өткізіліп жатқанына бес жылдан асты. Күзгі жиын-терім науқанынан түскен өнімдерін астаналықтарға ұсынуды бірінші жетісулықтар бастады.
 
Сапалы көкөніс, жеміс-жидек, ет-сүт өнімдерін базар нарығынан 25-30 пайыз төмен бағамен саудалап қайтатын. Бүгінгі таңда бұл игі бастама дәстүрге айналды. Және өзге аймақтар да қолдап әкетті.
 
Бұл елорда мен өңірлер арасындағы экономикалық қана емес, рухани әрі мәдени байланысты жандандыра түсті. Жетісудың қияр-қызанағы, Алатаудың алма-алмұрты күзге қарай керуен болып, елордаға жеткізілетін болады.
 
Тынышбай Досымбеков, Алматы облысы әкімінің орынбасары:
Бір барғанның өзінде 200-300 адам қатысады. Солардың барлығы Отанымыздың жүрегі - Астананың көркейіп келе жатқанына, Еуразия континентінде керемет қалаға айналып келе жатқанына тәнті болып қайтады.
 
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу