«Astana Pro Team» велоклубы «Тур де Франс» көпкүндігіне қатысатын шабандоздар тізімін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Pro Team» велоклубы «Тур де Франс» көпкүндігіне қатысатын шабандоздар тізімін жариялады

30.06.2015
«Astana Pro Team» велоклубы «Тур де Франс» көпкүндігіне қатысатын шабандоздар тізімін жариялады

4-шілде күні Нидерландының Утрехт қаласында басталатын велокөпкүндік 26 шілдеде Франция астанасы Париж қаласында аяқталады.

«Astana Pro Team» велоклубы: Винченцо Нибали (Италия), Ларс Бум (Нидерланды), Микеле Скарпони (Италия), Андрей Гривко (Украина), Дмитрий Груздев (Қазақстан), Льюве Вестра (Нидерланды), Танел Кангерт (Эстония), Якоб Фульсанг (Дания) және Рейн Таарамяэ (Эстония).

Естеріңізге сала кетейік, «Тур де Франс» көпкүндігінің былтырғы жеңімпазы «Astana Pro Team» велоклубының капитаны – Винченцо Нибали.

Хабарламаларға жазылу