Емханалық сайқымазақтар командасы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының онкологиялық бөлімшесіндегі кішкентай емделушілерге арнайы шара ұйымдастырмақ.
Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, мұндай шаралар кішкентай балаларға емделу кезінде қолдау көрсетіп, аурумен күресу үшін қажет.
Айта кетейік, әлемдегі 30-дан астам ұйымда емханалық сайқымазақтар жұмыс істейді. Мұндай сайқымазақтар ең алғаш 1986 жылы АҚШ-та пайда болған. Қазақстанда 2014 жылдан бастап жұмыс істейді.
«Жұлдызай» корпоративтік қоры «Мен сенімен біргемін!» атты әлеуметтік акцияны қолға алған. Жобаға қатысушылар – кәсіби әртістер сайқымазақ киімін киіп, ауруханада емделіп жатқан балалардың психиологиялық күйзелісіне жол бермеу, дәрі қабылдау кезінде көңілдерін аулау секілді қажетті көмек түрлерін көрсетеді.
astana.gov.kz