Елордада әйелдер арасындағы ең үздік бизнес-жоспар иегерлерін марапаттау шарасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада әйелдер арасындағы ең үздік бизнес-жоспар иегерлерін марапаттау шарасы өтеді

29.06.2015
Елордада әйелдер арасындағы ең үздік бизнес-жоспар иегерлерін марапаттау шарасы өтеді

30 маусым күні, сағат 10.00-де елордадағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында ауылдық жерлердегі әйелдер бизнесін дамыту мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. 

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева,  Мәжіліс депутаты, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Меруерт Қазбекова,  «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры Салтанат Рақымбекова, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сауда комитетінің хатшысы Жібек Әжібаева, сонымен қатар, бизнес және мемлекеттік емес ұйым өкілдері қатысады.

Шара аясында әйелдер арасындағы ең үздік бизнес-жоспарды анықтауға бағытталған республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Сайыс қорытындысына сәйкес, аймақтар бойынша 9 әйелге өздері тұратын ауылда жеке кәсіпкерлік ашуға мүмкіндік берілмек.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу