Халықаралық жазғы PR мектебі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық жазғы PR мектебі ашылады

25.06.2015
Халықаралық жазғы PR мектебі ашылады

12-13 шілде күндері  Қырғызстанның Бөзтері ауылындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ыстықкөлдегі спорт-сауықтыру кешенінде «PR нарығындағы коммуникациялық трендтер: Мобильдік. Креативтілік. Тиімділік» І Халықаралық жазғы PR мектебі ашылады.

Шараны ұйымдастырушы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығы.

Халықаралық жазғы PR мектебінде PR-арнаулардың дербестенуі және кастомизация, коммуникация бизнесі және қарым-қатынастар экономикасы, коммуникациялық құралдар және дәстүрлі KPI, математикалық моделдер және коммуникациялық табыс, дербес коммуникация құралы және сенім пирмамидасы сынды дәрістер оқылады.

Сондай-ақ, түрлі семинар-тренингтер өткізілмек. Олардың қатарында «PR-нарығындағы жаңа ойыншылар: көшірмеден - түпнұсқа әзірлемелерге», «Коммуникациялық мінбердің трендтік бағыттар: DIGITAL, CRM, PR | MEDIABITCH», «Маркетинг үлес & Omni-channel: клиент үшін бәсекелестік дәуірі» сынды тақырыптар бар.

Шара соңында қатысушыларға 34 сағат көлемінде академиялық және практикалық курсты тәмамдағаны туралы біліктілігін арттыру куәлігі беріледі.

Хабарламаларға жазылу