«Үйлену оңай...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үйлену оңай...»

25.06.2015
«Үйлену оңай...»

«Жер бетінде бір неке бұзылса, он сегіз мың ғалам дір етеді», деген сөз бар. Ел ішінде бір неке бұзылса, халық жүрегі сыздайды. Тағы да қоғам мүшелері тастанды еркек, жесір әйел, тірі жетім балаға көбейе түседі.

Халқымыз «қосағыңмен қоса ағар», дейді. Алайда, бүгінде бұл сөздің байыбына барып жатқандар шамалы. Албырт сезімнің жетегінде жүріп, өмірлік жар таңдауға салғырт  қарайтын жастар шаңырақ көтергеннен кейін кездесетін қиындықтарға шыдамай, екі жаққа кетіп жатады.

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңайда» жары мен қайын енесінен зорлық көрген келіншек қонақта.  Ажырасуға бекінген жас көрерменнен көмек сұрайды.

Хабарламаларға жазылу