Сағадат Қожахметұлы армия генералы емес, география және тарих пәнінің мұғалімі болуды армандаған екен. Бұл пәндерге деген ықыласы да ерекше ауған. Жұмулы көзбен ол әлем картасынан кез келген жерді көрсетіп беретін.
Сол кезде ол картаны көрсеткіш таяқшамен емес, Еуропаны жаудан азат ете отырып, барлық қала мен даланы өзі жүріп өтетінін, кейіннен жас мемлекет үкіметінің мүшесі ретінде бүкіл әлемді шарлайтынын қайдан білсін?
Сағадат Нұрмағамбетов бейбіт заманда да алдыңғы қатарда болды. Қазақстандағы әскери құрылым оның қатысуынсыз өтпеді. Ол – Республиканың әскери басшыларының тарихын, Тәуелсіз елдің Қорғаныс министрлігін құрған жан.
Бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:50-де «Қазаққа қымбат есім» деректі фильмін көріңіз.