Дүниежүзі бойынша бала еңбегі мәселесі өзекті болып отыр. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына нұқсан келтіреді. Сонымен қатар, олардың болашақта білім алуын нашарлатады, ал, бұл өз кезегінде баланың кейін жұмысқа орналасуына да әсер етеді.
Бала еңбегі біздің елімізде де кеңінен етек жайып келеді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бала еңбегі мысалдарының артуы байқалуда.
Жас жеткіншектердің еңбекке араласуы экономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларында ұшырасады. Олар қалада, ауыл шаруашылығында, жергілікті базарлардағы ұсақ саудада, сондай-ақ, үй шаруашылығында пайдаланылады.
Балалардың жазғы демалысты еңбекпен өткізуі қаншалықты дұрыс? Бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» хабарын көріңіз.