Биыл шығысқазақстандық оқушылардың 96 пайызы жазғы демалыспен қамтылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл шығысқазақстандық оқушылардың 96 пайызы жазғы демалыспен қамтылған

20.07.2017

Қазіргі уақытта бұл өңірде барлығы 889 сауықтыру лагері мен ойын алаңдары жұмыс істеп тұр. Балғындардың сауықтыру лагерьлеріне барып, денсаулықтарын нығайтуға барлық жағдай  жасалған. Олардың қауіпсіздігіне жауап беретін арнайы штаб та құрылған. Балалардың биылғы жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде негізінен екі бағытқа басымдық берілген. Демалып, денсаулықты нығайту әрі түрлі үйірмелер, клубтар мен экскурсияларға барып, таным көкжиегін кеңейту.

Хабарламаларға жазылу