«Сенбілік таң» - Күлән Құсайынқызының отбасымен сұхбат құрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» - Күлән Құсайынқызының отбасымен сұхбат құрады

20.06.2015
«Сенбілік таң» - Күлән Құсайынқызының отбасымен сұхбат құрады

Қазақтың салт-дәстүрінен, ұлттық нақыштағы киім үл­гілерінен хабары бар адам Күлән Жанғұтты деген есімді естімеуі мүмкін емес. Ол – соңғы жылдары еліміздегі және әлемдік деңгейдегі байқауларға қазақтың төл өнерімен қатысып, көшпенділер өркениетін насихаттап жүргендердің бірі.

Күлән Құсайынқызы  сонымен бірге жүннен бұйым мен киім жасауды үйренемін деушілерге тренингтер өткізіп тұрады.

Осы күнге дейін Күлән Құсайынқызы Шығыс Қазақстан облысының Зырян, Қатон Қарағай ауданында, Қарағанды облысының Ұлытау, Ақ­то­ғай ауданында жастар мен отба­сылы әйелдерге әлем стандарттарына сай, жаңа технологиямен табиғи шикізат – қой жүнін өңдеуді, бұйым­дар жасауды үйретіп, үлгі пішін, ди­зайн, түрлі көркем тігістер тігу жө­ні­нен дәріс беріп үлгерген.

Бүгін 09:00-де «Сенбілік таңды» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу